13 қараша күні Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қазақ аналары - Дәстүрге жол» РҚБ-нің мүшелерімен кездесу сағаты өтті. Шебер аналар түрлі мәдениет орындарында шараларға қатысып, рухани дамып, ұлттық құндылықтарды насихаттау жолында үлкен жұмыстар атқарып келеді.










