Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

 

Афиша

«Музей түні-2026»

13-05-2026

Толығырақ...

«Ботай – ұлы Дала мәдениеті»

23-02-2026

Толығырақ...

Ұлы жібек жолы бойындағы Отырар: ғылым м…

23-09-2025

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

«Ақтөбе облысының корейлері: тарих және мәдениет» тақырыбындағы көрменің ашылу салтанаты

26-тамыз күні Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуы мен корей халқының республика территориясына күштеп көшірілуінің 85 жылдығы аясында 2022 жыл – Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы мәдени алмасу жылы болып жариялануына орай корей халқының тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін бұйымдардан, фотоматериалдардан, кітаптардан «Ақтөбе облысының корейлері: тарих және мәдениет» тақырыбындағы жасақталған көрменің ашылу салтанаты өткізілді.

Көрменің мақсаты: корей халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениетімен және ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы Қазақстан жеріне оның ішінде Ақтөбе облысына депортациялану тарихымен таныстыру.

Көрменің ашылу салтанатына Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Облыстық корейлер Ассоциациясы» жанындағы шығармашылық ұжым өкілдері, «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері, өлкетанушылар, мәдениет қызметкерлері қатысты.

Көрме экспозициясына корей халқының ұлттық мәдениетінен сыр шертер құнды әрі бірегей тұрмыстық және музыкалық саз аспаптары қойылды.