Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі жоғары және орта арнаулы оқу орындары студенттерінің туған өлке тарихы, мәдениеті мен табиғатына қызығушылығын арттыруға бағытталған «Үздік жас өлкетанушы – 2025» облыстық байқауын өткізді. Шара жас зерттеушілердің ғылыми-ізденіс қабілетін дамытуға, дарынды жастарды қолдауға мүмкіндік берді.













