Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

Афиша

Prev Next

"Көне мешіт шежіресі және Нұрым Рах…

16-04-2025

Толығырақ...

"Парктер шеруі- 2025" табиғатт…

16-04-2025

Толығырақ...

"Үздік экскурсовод - 2025" обл…

24-01-2025

Толығырақ...

«Ғылым биігіндегі тұлғалар»

24-12-2024

Толығырақ...

«Алты Алаштың ардағы» атты тарихи- таным…

18-12-2024

Толығырақ...

«Қобыланды батыр жыры және ұлттық қаһарм…

05-12-2024

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

ОРТАЛЫҚ МУЗЕЙДІҢ КӨРМЕСІ ӨТУДЕ

ҚР Мемлекеттік орталық музейі қорындағы этнографиялық коллекциялардан жасақталған «Бабадан қалған аманат» атты жылжымалы көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Шарада облыс әкімі Ералы Тоғжанов, белгілі ғалым, Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының бас ғылыми қызметкері Зейнолла Самашев қазақ халқының тарихынан соның ішінде рухани бай мұрасы — мәдениеті мен қолөнерінен сыр шертетін көрменің маңыздылығына тоқталып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Көрме экспозициясына киім-кешек, ыдыс-аяқ, тоқыма бұйымдары, үй жиһаздары, музыкалық аспаптар, ат әбзелдері және зергерлік бұйымдардың үздік үлгілері және белгілі тарихи тұлғалардың қолданған құнды бұйымдары да қойылды.

Экспонаттар қатарында Айшуақ сұлтанның мұрағы, Жаяу Мұсаның қобызы, домбырасы мен скрипкасы, Шоқан Уәлихановтың бөркі, қазақтың дүлдүл әншісі Әміре Қашаубайұлының, ақын Манарбек Ержановтың, ғалым, қазақтың тұңғыш академигі Қаныш Сәтбаевтың домбыралары бар.

Шараға зиялы қауым өкілдері, өлкетанушылар, ғалымдар мен студенттер катысты. 

Көрме сәуір айының 15-не дейін жалғасады. Келіп, тамашалауларыңызға болады.