Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

 

Афиша

Prev Next

Ұлы жібек жолы бойындағы Отырар: ғылым м…

23-09-2025

Толығырақ...

"Қазыналы кенді өлке - Хромтау көрм…

11-09-2025

Толығырақ...

"Саналы ата-ана болу қадамдары…

27-06-2025

Толығырақ...

Әкелер күніне орай ерекше акция!

11-06-2025

Толығырақ...

Облыстық музейде мектеп оқушыларына барл…

05-06-2025

Толығырақ...

Музей түні-2025

13-05-2025

Толығырақ...

"Көне мешіт шежіресі және Нұрым Рах…

16-04-2025

Толығырақ...

"Парктер шеруі- 2025" табиғатт…

16-04-2025

Толығырақ...

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

Ақтөбе облысының сакралды ескерткіштерін зерттеу бойынша 2025 жылғы экспедиция

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын Ақтөбе облысы бойынша 2021–2025 жылдары жүзеге асыруға арналған жол картасы негізінде аса маңызды тарихи-мәдени және сәулет өнері ескерткіштерін ғылыми-зерттеу бағытында экспедиция жасақталып, 2025 жылдың жазғы зерттеулер маусымында далалық этноархеологиялық және архитектуралық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Далалық зерттеу жұмыстары Ақтөбе облысының Байғанин өңіріндегі мәдени мұраларды зерделеуге бағытталды.

Ақтөбе облыстық тарих және өлкетану музейінің ғылыми қызметкерлері негізінде құрылған зерттеу тобы Сағыз өзенінің бойында орналасқан тарихи ескерткіштерді зерттеуді мақсат еткен болатын.

Экспедиция барысында: Жаналы ұлы Абдолла хазірет, «Түкті ата», «Ақмола ІІ», «Қопа», «Жалғыз тас мола», «Байтілеу бейіті», «Құмкез», «Қорымбет», «Құрмешіт», «Шилі І», «Шилі ІІ», «Жалғыз жиде ағаш бейіт», «Ақмола ІІІ (Қосбай)», «Мойындықияқты І», «Мойындықияқты ІІ», «Қаратау би», «Қараш мола», «Сартогай қалашығының орны» (топографиялық карта негізінде), «Ақмола ІV», «Тірітам» (топографиялық картада — Торетам), «Ақмола V», «Ақылбай қорымы», «Құрмешіт» (Қораши ІІ), «Қазақстан» қорымдары зерттелді.

«Ақтөбе облысы аумағындағы араб графикалы ескерткіштердің (ХІХ ғ. – ХХ ғ. басына жататын құлпытастар) эпиграфикасын зерттеу» тақырыбы бойынша аталған аудан аумағында орналасқан ескерткіштерге жүргізілген ғылыми-зерттеу экспедициясының нәтижелері тақырыпқа қатысты жаңа ақпараттармен толықтырылды.