Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

Афиша

Prev Next

"Көне мешіт шежіресі және Нұрым Рах…

16-04-2025

Толығырақ...

"Парктер шеруі- 2025" табиғатт…

16-04-2025

Толығырақ...

"Үздік экскурсовод - 2025" обл…

24-01-2025

Толығырақ...

«Ғылым биігіндегі тұлғалар»

24-12-2024

Толығырақ...

«Алты Алаштың ардағы» атты тарихи- таным…

18-12-2024

Толығырақ...

«Қобыланды батыр жыры және ұлттық қаһарм…

05-12-2024

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

Баспасөз Релизі

7 желтоқсан күні Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Берік Әбдіғалиұлының Ақтөбе облысының өлкетанушыларымен кездесуі ұйымдастырылып өткізілді.

Мақсаты: «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын жүзеге асырудағы атқарылып жатқан жұмыстар мен Ақтөбе облысындағы рухани және материалдық маңызы бар тарихи-мәдени құндылықтарды насихаттаудағы туындаған мәселелер мен перспективалары туралы ой қозғау, пікірлесу.

Дөңгелек үстел барысында ғылыми-зерттеу орталығының директоры жақын арада жарық көрген Қазақстан Республикасы, Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында атқарылуы керек жұмыстардың бағыты, Қазақстанның киелі географиясы жобасының жүзеге асырылуы мен перспективалары, өлкетанудағы өзекті мәселелер туралы айтып берді.

Дөңгелек үстел жұмысына зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, өлкетанушылар, музей ісінің мамандары қатысты.