Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

Афиша

Prev Next

"Көне мешіт шежіресі және Нұрым Рах…

16-04-2025

Толығырақ...

"Парктер шеруі- 2025" табиғатт…

16-04-2025

Толығырақ...

"Үздік экскурсовод - 2025" обл…

24-01-2025

Толығырақ...

«Ғылым биігіндегі тұлғалар»

24-12-2024

Толығырақ...

«Алты Алаштың ардағы» атты тарихи- таным…

18-12-2024

Толығырақ...

«Қобыланды батыр жыры және ұлттық қаһарм…

05-12-2024

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Музейдің комплаенс қызметінің ұйымдастыруымен өткізілген құқықтық сағатта ҚР Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығымен бекітілген «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы», музейдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты, мекемеде мүдделер қақтығысын реттеу туралы және коммерциялық пара беру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, талқыланды.

Шарада музейдің заңгер-кеңесшісі, комплаенс офицері Айнұр Аймағанбетова тақырып аясында баяндама жасап, сыбайлас жемқорлыққа әкеп соқтыратын фактілер мен жауапкершілігі және оның алдын алу жолдарына тоқталды.

Сонымен қатар 2023 жылдан бастап мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері және олардың жұбайларының кіріс декларациясын тапсыру туралы да түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Оған Ақтөбе қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Бейбіт Қасаева қатысты.

Басқарма өкілі жалпыға бірдей кезекті декларация мен оның кезеңдері, қағаз және электронды түрде қалай толтыру керектігі туралы түсіндіріп, музей қызметкерлерінің сауалдарына жауап берді.