Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

Афиша

Prev Next

Ұлы жібек жолы бойындағы Отырар: ғылым м…

23-09-2025

Толығырақ...

"Қазыналы кенді өлке - Хромтау көрм…

11-09-2025

Толығырақ...

"Саналы ата-ана болу қадамдары…

27-06-2025

Толығырақ...

Әкелер күніне орай ерекше акция!

11-06-2025

Толығырақ...

Облыстық музейде мектеп оқушыларына барл…

05-06-2025

Толығырақ...

Музей түні-2025

13-05-2025

Толығырақ...

"Көне мешіт шежіресі және Нұрым Рах…

16-04-2025

Толығырақ...

"Парктер шеруі- 2025" табиғатт…

16-04-2025

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

21 ақпан – Дүниежүзілік экскурсоводтар күніне орай ұйымдастырылған «Тиімді команда» атты семинар-тренинг

Жыл сайын 21 ақпанда әлемде Дүниежүзілік экскурсия жүргізушілері күні атап өтіледі. Аталмыш күнді экскурсоводтар қауымдастығының дүниежүзілік федерациясы экскурсия жүргізушілері жұмысының маңыздылығы туралы жұртшылықтың хабардар болуын арттыру мақсатында құрған болатын. Мереке аясында Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде музей қызметкерлеріне арналған «Тиімді команда» семинар-тренингі ұйымдастырылды. Семинар-тренингтің мақсаты — ұжым мүшелерінің өзара әрекеттесу дағдыларын меңгерту арқылы жұмыстың тиімділігін, қызметкерлердің бастамашылдық деңгейін арттыру.

Тренингті экономика ғылымдарының магистрі, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы Ақтөбе облысы бойынша филиалының кабинет меңгерушісі, жобалық менеджмент саласындағы ҚР ISO ұлттық стандарттары бойынша жаттықтырушы-кеңесші Құрманова Жанипа Сәбитқызы жүргізді.

Тренинг барысында қатысушылар тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамытып, өзара әрекеттестік орнатуға, ортақ тіл табуға, ұжымдағы  рөлдерді бөлу қажеттілігін түсінді. Тренингке музейдің экскурсия жүргізушілер, ғылыми қызметкерлері және бөлім меңгерушілері қатысты.