2025 жылдың мамыр айынан бастап Ойыл өзені алқабына жататын, ғұн-сармат дәуіріне мерзімделетін Сорлақмола II қорымында археологиялық қазба жұмыстары өтті.
Жобаны Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің археологиялық отряды, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Батыс Қазақстан филиалымен бірлесіп жүзеге асыруда. Зерттеу жұмыстарына Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті тарих факультетінің 1-ші курс студенттері атсалысып, археологиялық далалық тәжірибесінен өтті.












