27 ақпан күні «Экскурсиялық-бұқаралық жұмыстар» бөлімінің ұйымдастыруымен 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту - парызымыз!» тақырыбында танымдық кездесу өтті.
27 ақпан күні «Экскурсиялық-бұқаралық жұмыстар» бөлімінің ұйымдастыруымен 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту - парызымыз!» тақырыбында танымдық кездесу өтті.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Кеңес Одағының Батыры Иманғали Білтабановтың туғанына (1925-1945 жж.) 100 жыл толуына арналған «Ер ерлігі елі үшін! Одерфельд деревнясындағы қанды шайқас» тақырыбында танымдық кездесу өтті.
Танымдық кездесуді облыстық музейдің Қобда бөлімі мен «Қазіргі заман тарихы» ғылыми-зерттеуді қамтамасыз ету бөлімі ұйымдастырып өткізді.
21 ақпан күні Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде Дүниежүзілік экскурсия жүргізушілері күніне орай «Үздік экскурсовод» облыстық байқауы өтті. Бұл байқау облысымыздағы экскурсия жүргізушілерінің кәсіби шеберлігін арттырып, олардың қоғамдағы маңызды рөлін насихаттауға бағытталған.
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің 95 жылдығына орай өткізілетін "Ғылым биігіндегі тұлғалар" тақырыбындағы көрменің ашылуы өтті.
Түрколог ғалым, тіл ғылымының тұңғыш профессоры Құдайберген Жұбановтың туғанына (1899-1938 жж.) 125 жыл толуына орай «Алты Алаштың ардағы» атты тарихи-танымдық шара.