23 мамыр күні Өнер ғимаратында 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай салтанатты марапаттау шарасы өтті.
23 мамыр күні Өнер ғимаратында 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай салтанатты марапаттау шарасы өтті.
18-мамыр күні Ақтөбе қаласының 155 жылдығы мен облыстық тарихи-өлкетану музейінің 95 жылдығы аясында Халықаралық музейлер күніне арналған «Музей түні - 2024» мәдени іс-шаралары ұйымдастырылып өткізілді.
24 мамыр күні конференц залда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі Байдуллина Аққалқа Жанғабылқызымен музей қызметкерлері арасында құқықтық сағат ұйымдастырылып өткізілді.
Кездесу барысында бірқатар тақырыпты қозғаған Өкіл, бірінші кезек «Адал азамат» концепциясына тоқталды.
30 сәуір күні теолог, психолог мамандардың қатысуымен «Дін мен дәстүрдің құндылықтары және теріс ағымдардың қоғамға әсері»- тақырыбында танымдық кездесу өтті. Кездесу сағатына Ақтөбе қаласының дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының теологы Кадирханова Жұлдыз Замирқызы және орталықтың психологы Тулепбергенов Тимур Тайбекұлы келіп, музей қызметкерлеріне тақырыпқа байланысты әңгіме-сұхбат жүргізді.
1 сәуір — Халықаралық құстар күніне орай Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген құстар» тақырыптық экскурсиясы өтті. Халықаралық құстар күні 1906 жылы құстарды қорғау бойынша Конвенциясының бекітілуінен кейін атап өтіле бастады. Оның негізгі ережелері ұя салу және мекенді ауыстыру кезінде құстардың барлық түрлерін қорғауға, жойылып кету алдында тұрған құстар түрлерін ұдайы қорғауға, аң аулаудың белгілі бір түрлеріне тыйым салуға немесе шектеу қоюға, құстарды көбейту үшін қорықтарды құруға және экологиялық білім беруге бағытталған.