10 қыркүйек күні Ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектепте «Ақтөбе туған өлкем – тұнған шежіре» тақырыбында музейдің бөлім меңгерушісі Сарыбай Алмагүл Сүндетқызының қатысуымен 7-10 класс аралығында бірыңғай класс сағаты өтті.
10 қыркүйек күні Ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектепте «Ақтөбе туған өлкем – тұнған шежіре» тақырыбында музейдің бөлім меңгерушісі Сарыбай Алмагүл Сүндетқызының қатысуымен 7-10 класс аралығында бірыңғай класс сағаты өтті.
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі Байғанин ауданының 90 жылдығына орай өңіріміздің перзенті, Қазақстанның халық артисі, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген актрисасы Алтын Ибрагимқызы Ружеваның туғанына 90 жыл толуына арналған «Театр өнерінің майталманы» атты тарихи-мәдени-танымдық шара ұйымдастырып өткізді. Бұл шараны ұйымдастырып өткізудегі басты мақсатАлтын Ружеваның өмір жолы мен шығармашылығымен таныстыру. Театр өнеріне сіңірген зор еңбегін, жақсы қырларын насихаттау.
18 мамыр күні сағат 19.00-24.00 аралығындаАқтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен облыстық тарихи-өлкетану, облыстық Өнер, Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың мемориалды музейлерінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай «Музейдегі түн - 2018» акциясы өткізілді.
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Облыстық өнер музейінде 2018 жылдың 15 мамыр күні 18 мамыр - Халықаралық музейлер күні қарсаңында «Жәдігер жерде қалмасын» акциясы өткізілді. Акция барысында облыс, қала тұрғындарының сыйға тапсырған заттарынан ұйымдастырылған уақытша көрме жасақталды.
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Алға ауданы Қарағаш селолық округы Самбай ауылының А.Байтұрсынов атындағы мектебімен бірлесе отыра «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Алаштың ардақты тұлғасы А.Байтұрсыновтың туғанына 145 - жыл толуына орай «Ұлт ұстазы- Ахмет» атты ғылыми-танымдық конференциясын ұйымдастырып өткізді.