Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

 

Афиша

«Музей түні-2026»

13-05-2026

Толығырақ...

«Ботай – ұлы Дала мәдениеті»

23-02-2026

Толығырақ...

Ұлы жібек жолы бойындағы Отырар: ғылым м…

23-09-2025

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

«Ақтөбенің ақпарат әлемі» атты облыстық газеттер және музейдің ғылыми архивіндегі газеттер мен музей қорындағы фотоаппараттар көрмесі

23 маусым күні Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде 28 маусым — Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні мерекесіне арналған «Ақтөбенің ақпарат әлемі» атты облыстық газеттер және музейдің ғылыми архивіндегі газеттер мен музей қорындағы фотоаппараттар көрмесінің ашылу рәсімі өтті.

Халықаралық музейлер күніне арналған  «Ұлттық құндылықтар – ұлтымыздың қорғаны»  атты дәстүр-Party

18 мамыр күні сағат 21.00-02.00 аралығында Халықаралық музейлер күніне орай «Ұлттық құндылықтар – ұлтымыздың қорғаны» атты Дәстүр-Party шарасы ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты - қазақ халқының ұлттық киімдерін,  ойындарын, салт-дәстүрлері мен әдет ғұрыптарын музейге келушілерге насихаттап, көрсету.

«Жер қойнауын барлаушы, өз ісінің шебері, ынталы өлкетанушы» көрмесі

27 сәуір күні Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстанға еңбегі сіңген геолог-барлаушы, өлкетанушы Р.А.Сегединнің 100 жылдығына арналған «Разведчик недр, искусный мастер, увлеченный краевед» тақырыбында уақытша көрменің ашылу рәсімі өтті.

Қазақстанға еңбегі сіңген геолог-барлаушы, өлкетанушы - Ростислав Александрович Сегедин ерекше атауға тұратын тұлға. Ол 1922 жылы 31 қаңтарда  Қырымның  Евпатория қаласында дүниеге келген. 1939 жылы Воронеж  қаласындағы университеттің геология факультетіне оқуға түседі.  

АУҚЫМДЫ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАРЫҚ КӨРГЕН МОНОГРАФИЯЛАР МЕН ДЕРЕКТІ ФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРЛЕРІ ӨТТІ

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында үш тілде жарық көрген еңбектердің және «Доңызтау ескерткіштері» атты деректі фильмі 1-бөлімінің тұсаукесер рәсімдері өтті.
Шара аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын Ақтөбе облысы бойынша 2021-2024 жылдары жүзеге асыруға арналған Жол картасының жүзеге асырылу барысы мен перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

23-бет. Барлық бет саны 29