Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

 

Афиша

«Музей түні-2026»

13-05-2026

Толығырақ...

«Ботай – ұлы Дала мәдениеті»

23-02-2026

Толығырақ...

Ұлы жібек жолы бойындағы Отырар: ғылым м…

23-09-2025

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

Құқықтық сағат ұйымдастырылды

24 мамыр күні конференц залда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі Байдуллина Аққалқа Жанғабылқызымен музей қызметкерлері арасында құқықтық сағат ұйымдастырылып өткізілді.

Кездесу барысында бірқатар тақырыпты қозғаған Өкіл, бірінші кезек «Адал азамат» концепциясына тоқталды.

«Дін мен дәстүрдің құндылықтары және теріс ағымдардың қоғамға әсері»

30 сәуір күні  теолог, психолог мамандардың  қатысуымен  «Дін мен дәстүрдің құндылықтары және теріс ағымдардың қоғамға әсері»- тақырыбында танымдық кездесу өтті. Кездесу сағатына   Ақтөбе қаласының дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының теологы Кадирханова  Жұлдыз Замирқызы және орталықтың психологы Тулепбергенов Тимур Тайбекұлы келіп, музей қызметкерлеріне  тақырыпқа байланысты әңгіме-сұхбат жүргізді. 

Құстар күніне арналды

1 сәуір — Халықаралық құстар күніне орай Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген құстар» тақырыптық экскурсиясы өтті. Халықаралық құстар күні 1906 жылы құстарды қорғау бойынша Конвенциясының бекітілуінен кейін атап өтіле бастады. Оның негізгі ережелері ұя салу және мекенді ауыстыру кезінде құстардың барлық түрлерін қорғауға, жойылып кету алдында тұрған құстар түрлерін ұдайы қорғауға, аң аулаудың белгілі бір түрлеріне тыйым салуға немесе шектеу қоюға, құстарды көбейту үшін қорықтарды құруға және экологиялық білім беруге бағытталған.

14-бет. Барлық бет саны 29