Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

Афиша

Prev Next

"Көне мешіт шежіресі және Нұрым Рах…

16-04-2025

Толығырақ...

"Парктер шеруі- 2025" табиғатт…

16-04-2025

Толығырақ...

"Үздік экскурсовод - 2025" обл…

24-01-2025

Толығырақ...

«Ғылым биігіндегі тұлғалар»

24-12-2024

Толығырақ...

«Алты Алаштың ардағы» атты тарихи- таным…

18-12-2024

Толығырақ...

«Қобыланды батыр жыры және ұлттық қаһарм…

05-12-2024

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

ТАЛ ЕКТІ

Халықаралық Отбасы күніне орай «Отбасы — тәрбие мектебі» атты мерекелік шара аясында Жайлау Асылхановтың, музей қызметкерлері, көп балалы аналар Алмагүл Сарыбай, Нұрсәуле Сансызбайдың отбасылары және медиатор Бибігүл Әбілдаева, қолөнер шебері Лаура Бердібекова музей ауласына тал көшеттерін екті.

МОНОГРАФИЯНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Тарих ғылымдарының докторы, доцент, белгілі этнограф-ғалым Рахым Бекназаровтың @beknazarov_rakhym авторлығымен орыс тілінде жарық көрген «ХІХғ.-ХХғ. басындағы Солтүстік Арал маңы қазақтары (тарихи-этнографиялық зерттеу)» атты монографиясының тұсаукесер рәсімі өтті. Шараға тарихшы-ғалымдар, өлкетанушылар және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің @zhubanov.university магистранттары мен докторанттары қатысты.

БЕСҚОНАҚТЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ АЙТЫЛДЫ

«Шолпы» клубының ұйымдастыруымен Бесқонақтың шығу тарихына арналған дөңгелек үстел өтті.

Шарада қаламгер Еркін Дінахметов Бесқонақтың шығу тарихына тоқталып, деректер мен мысалдар келтірді, көп балалы ана, медиатор Бибігүл Әбілдаева, музей нұсқаушысы Алмагүл Сарыбай көктем мезгіліне тән табиғат құбылыстары туралы тұшымды әңгіме өрбітті.

ҚҰСТАР КҮНІНЕ АРНАЛДЫ

Құстар күніне арналған «Құстарға қамқоршы болайық!» атты танымдық шара өтті. Оған Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті кәсіби шығармашылық факультетінің 3-курс студенттері қатысты.   

РЕЗЕРВАТ МАМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Парктер шеруі-2023» акциясы аясында «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мекемесінің мамандарымен кездесу өтті. Халықаралық табиғатты қорғау акциясы жыл сайын елімізде 22 наурыз бен 5 маусым аралығында өткізіледі.

«Татулық – таусылмас бақыт»

21-сәуір күні 1-мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесіне орай «Татулық – таусылмас бақыт» тақырыбында музейдің «Тәуелсіздік жолымен» экспозициялық залында облыстың татар-башқұрт этномәдени бірлестігі өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.

8-бет. Барлық бет саны 13