21 ақпан күні Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде Дүниежүзілік экскурсия жүргізушілері күніне орай «Үздік экскурсовод» облыстық байқауы өтті. Бұл байқау облысымыздағы экскурсия жүргізушілерінің кәсіби шеберлігін арттырып, олардың қоғамдағы маңызды рөлін насихаттауға бағытталған.
«Тұрмыстық зорлық – зомбылыққа қарсы белсенді іс -қимылдың 16 күні» акциясы аясында Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерне арналған «Тұрмыстық зорлық -зомбылық қоғам дерті» тақырыбында құқықтық кездесу сағаты өтті.