Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

 

Афиша

«Домбыра және дәуір»

20-07-2026

Толығырақ...

«Музей түні-2026»

13-05-2026

Толығырақ...

«Ботай – ұлы Дала мәдениеті»

23-02-2026

Толығырақ...

Ұлы жібек жолы бойындағы Отырар: ғылым м…

23-09-2025

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

БЕСҚОНАҚТЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ АЙТЫЛДЫ

«Шолпы» клубының ұйымдастыруымен Бесқонақтың шығу тарихына арналған дөңгелек үстел өтті.

Шарада қаламгер Еркін Дінахметов Бесқонақтың шығу тарихына тоқталып, деректер мен мысалдар келтірді, көп балалы ана, медиатор Бибігүл Әбілдаева, музей нұсқаушысы Алмагүл Сарыбай көктем мезгіліне тән табиғат құбылыстары туралы тұшымды әңгіме өрбітті.

ҚҰСТАР КҮНІНЕ АРНАЛДЫ

Құстар күніне арналған «Құстарға қамқоршы болайық!» атты танымдық шара өтті. Оған Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті кәсіби шығармашылық факультетінің 3-курс студенттері қатысты.   

«Қазақ әйелі: кеше, бүгін және ертең» атты танымдық кездесу

8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне арналған «Қазақ әйелі: кеше, бүгін және ертең» атты танымдық кездесу өтті.

Мерекелік шарада «Қазақ аналары — дәстүрге жол» жобасы аясындағы Аналар қауымдастығы Ақтөбе филиалының өкілдері, сондай-ақ, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің оқытушысы Жазира Оразаева және көп балалы ана, медиатор Бибігүл Әбілдаева әйелдің қоғамда алар орны ерекше екенін айтып, өмірлік іс-тәжірибелерімен ой бөлісті.

20-бет. Барлық бет саны 29