Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

Афиша

Prev Next

Ұлы жібек жолы бойындағы Отырар: ғылым м…

23-09-2025

Толығырақ...

"Қазыналы кенді өлке - Хромтау көрм…

11-09-2025

Толығырақ...

"Саналы ата-ана болу қадамдары…

27-06-2025

Толығырақ...

Әкелер күніне орай ерекше акция!

11-06-2025

Толығырақ...

Облыстық музейде мектеп оқушыларына барл…

05-06-2025

Толығырақ...

Музей түні-2025

13-05-2025

Толығырақ...

"Көне мешіт шежіресі және Нұрым Рах…

16-04-2025

Толығырақ...

"Парктер шеруі- 2025" табиғатт…

16-04-2025

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

ҚҰРАЛАЙДЫҢ САЛҚЫНЫ

«Шолпы» қыз балалар клубының ұйымдастыруымен «Құралайдың салқыны» атты дөңгелек үстел өтті.

Шарада клуб жетекшісі Алмагүл Сарыбай, клубтың кеңес мүшесі  Еркін Дінахметов Құралайдың салқыны туралы тұшымды әңгіме өрбітіп, клубтың кеңес мүшесі Орынгүл Ідірісова "Ақсақ киік", Яссауи даму орталығының ұстазы Балдану Мұратқызы Ақбөкендер туралы аңыздар айтты.

БАСПАСӨЗДІҢ ҚОҒАМДАҒЫ ОРНЫ

«Шолпы» қыз балалар клубының ұйымдастыруымен «Еліміздегі баспасөз қызметінің орны» атты танымдық кездесу өтті.

Шарада «Шолпы» клубының жетекшісі Алмагүл Сарыбай жалпы баспасөз бен баспасөз қызметкерінің қоғамдағы рөліне тоқталды. Облыстық «Ақтөбе» газетінің жауапты хатшысы Мұратбек Ержақып өзі еңбек ететін, ғасырлық тағылымды тарихы бар басылымның өңірдің қоғамдық-саяси өмірінде алар орны туралы айта келе, шығармашылық бағытында атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар етті. Белгілі журналист Бақыт Жаншаева, С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы мерзімді басылымдар бөлімінің қызметкері Жадыра Сағидоллақызы, қаламгер Еркін Дінахметов баспасөздің қоғамдағы орны туралы өз ойларымен бөлісті.

ӨНЕРЛІ ОТБАСЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Халықаралық Отбасы күніне орай «Отбасы — тәрбие мектебі» атты Асылхановтар отбасымен кездесу өтті. Мерекелік шараға белгілі күйші Жайлау Асылхановтың отбасы қатысты.

ТАЛ ЕКТІ

Халықаралық Отбасы күніне орай «Отбасы — тәрбие мектебі» атты мерекелік шара аясында Жайлау Асылхановтың, музей қызметкерлері, көп балалы аналар Алмагүл Сарыбай, Нұрсәуле Сансызбайдың отбасылары және медиатор Бибігүл Әбілдаева, қолөнер шебері Лаура Бердібекова музей ауласына тал көшеттерін екті.

16-бет. Барлық бет саны 27