Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

 

Афиша

«Домбыра және дәуір»

20-07-2026

Толығырақ...

«Музей түні-2026»

13-05-2026

Толығырақ...

«Ботай – ұлы Дала мәдениеті»

23-02-2026

Толығырақ...

Ұлы жібек жолы бойындағы Отырар: ғылым м…

23-09-2025

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

«Отбасы – бақыт мекені» атты республикалық апталығы өтуіне орай «Отбасы – өмір аясы» тақырыбындағы кездесу хабарламасы

11 қыркүйек күні С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында «Отбасы – өмір аясы» тақырыбында лекция өткізілді. Мақсаты: Ата-ана мен бала жауапкершілігін арттыру.

ӨЗЕКТІ КЕЗДЕСУ

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Тарих факультетінде жұмыс берушілердің өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге Орталығымыздың бас инспекторы Жандос Жәумітұлы, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Мейрам Нұрланұлы және т.б мекеме басшылары қатысты.

№ 6 орта мектепте «Ақтөбе туған өлкем – тұнған шежіре» класс сағаты өтті

10 қыркүйек күні Ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектепте «Ақтөбе туған өлкем – тұнған шежіре» тақырыбында музейдің бөлім меңгерушісі Сарыбай Алмагүл Сүндетқызының қатысуымен 7-10 класс аралығында бірыңғай класс сағаты өтті.

Баспасөз Релизі

7 желтоқсан күні Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Берік Әбдіғалиұлының Ақтөбе облысының өлкетанушыларымен кездесуі ұйымдастырылып өткізілді.

«Театр өнерінің майталманы» тарихи-мәдени-танымдық шара

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі Байғанин ауданының 90 жылдығына орай өңіріміздің перзенті, Қазақстанның халық артисі, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген актрисасы Алтын Ибрагимқызы Ружеваның туғанына 90 жыл толуына арналған «Театр өнерінің майталманы» атты тарихи-мәдени-танымдық шара ұйымдастырып өткізді. Бұл шараны ұйымдастырып өткізудегі басты мақсатАлтын Ружеваның өмір жолы мен шығармашылығымен таныстыру. Театр өнеріне сіңірген зор еңбегін, жақсы қырларын насихаттау.

18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай ұйымдастырылып өткізілген «Музейдегі түн - 2018» акциясының  АҚПАРАТЫ

   18 мамыр күні сағат 19.00-24.00 аралығындаАқтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен облыстық тарихи-өлкетану, облыстық Өнер, Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың мемориалды музейлерінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай «Музейдегі түн - 2018» акциясы өткізілді.

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі жаңа ғимаратының салтанатты ашылуы.

2018 жылдың 14 қараша күні, 12-00 –де Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жаңа ғимарат Батыс – 2 ауданы, Ораз Тәтеұлы көшесі, 3, мекен-жайында орналасқан.

«Жәдігер жерде қалмасын» акциясы

Ақтөбе  облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен  Облыстық   өнер музейінде  2018 жылдың 15  мамыр күні  18 мамыр - Халықаралық музейлер күні қарсаңында  «Жәдігер  жерде  қалмасын»  акциясы өткізілді. Акция барысында облыс, қала тұрғындарының сыйға тапсырған заттарынан ұйымдастырылған уақытша көрме жасақталды.     

14-бет. Барлық бет саны 15